Қазақстан әйелдер құрамасы мәнерлеп сырғанаудан Грузиядағы Trialeti Trophy турнирінде өнер көрсетті

Дастан Кенжалин

Тбилисиде (Грузия) мәнерлеп сырғанаудан ірі халықаралық Trialeti Trophy 2025 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Бұл жарысқа Қазақстан әйелдер құрамасы қатысты. Ел намысын үш спортшы қорғады.

София Фарафонова екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 93.33 ұпай жинап, 23-орынға ие болды.

Амина Алексеева 78.24 ұпаймен 24-орынға, ал Русалина Шакрова 61.68 ұпаймен 25-орынға тұрақтады.

Грузия өкілі Анастасия Губанова жарыс жеңімпазы атанды (203.69 ұпай). Күміс жүлдені Израиль спортшысы Мария Сенюк (185.80), ал қола медальді Оңтүстік Кореядан барған Ли Хэ Ин (183.28) иеленді.