Қазақстан теннис құрамасының өкілі Александр Шевченко Алматыда өтіп жатқан ATP 250 сериялы турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.
Бірінші айналымда қазақстандық спортшы сербиялық Ласло Джерені жеңді. Кездесу 7:6 (7:1), 7:6 (14:12) есебімен аяқталды. Матч 2 сағат 8 минутқа созылды.
Екінші айналымда Александр әлемнің 41-ракеткасы, француз Корентен Мутемен кездеседі.