Қазақстан әйелдер құрамасы шорт-тректен Канадада өтіп жатқан Әлемдік турдың жартылай финалына өтті

Дастан Кенжалин

Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Қазақстанның әйелдер құрамасы эстафетаның іріктеу кезеңінде жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалда ұлттық құрама Канада мен Польша спортшыларын алға жіберіп, үшінші болып мәре сызығын кесті.

Жартылай финалға тікелей екі команда ғана өтті. Ал Қазақстан құрамасы мен АҚШ спортшылары уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге шықты.

Айта кетейік, жартылай финал 18 қазан күні өтеді.