Рыбакина мен Соболенко бір турнирде кездеседі

Редакция Ulyssport

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко мен Қазақстанның жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Австралияның Брисбен қаласында өтетін WTA-500 санатындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

Рыбакина мен Соболенко бұл беделді турнирге 2024 жылы да қатысқан. Беларусь спортшысы қазіргі чемпион саналады: ол 2025 жылғы финалда ресейлік Полина Кудерметованы 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңген. Ал қазақстандық теннисші 2024 жылы дәл осы турнирде жеңіске жеткен — финалда Соболенконы 6:0, 6:3 есебімен ұтқан.

Айта кетейік, WTA-500 санатындағы бұл турнир 2026 жылғы маусымның алғашқы жарысы ретінде 4–11 қаңтар аралығында өтеді.