Қазақстандық гимнаст Милад Карими Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Отандасымыз кермедегі жаттығудың ақтық сайысында 14.366 ұпай жинап, әлем біріншілігін бесінші орынмен аяқтады.
АҚШ өкілі Броди Мэлоун жарыс жеңімпазы атанды - 14.933. Дайки Хашимото (Жапония) күміс медальға ие болды - 14.733. Джо Фрейзер (Ұлыбритания) үздік үштікті түйіндеді - 14.700.
Еске салайық, бұған дейін аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Нұртілеу Өтеген Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалында жеңіліп қалғанын жазған едік.