Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінің қысқа бағдарламасында үшінші орын алды

Редакция Ulyssport

Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында Гран-при кезеңі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жарыс аясында ерлер арасындағы жеке сырғанаудың қысқа бағдарламасы өтті.

Қазақстандық Михаил Шайдоров 89.67 ұпай жинады. Бұл нәтижемен ол аралық үшінші орынға табан тіреді.

Жапониялық Казуки Томоно бірінші орында - 95.77 ұпай. Екінші орында Франция спортшысы Кевин Аймоз - 93.56 ұпай.