Ғалымжан Балабек суда жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты

Дастан Кенжалин

Қазақстандық жүзгіш Ғалымжан Балабек Беларусьте өткен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Отандасымыз 200 метрге еркін стильде жүзуден үшінші нәтижені көрсетті.

Балабек қашықтықты 01:45.68 уақытта жүзіп өтті. Осылайша ол Қазақстан рекордын жаңартты.