Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Хорватиядағы турнирде өнер көрсетеді

Дастан Кенжалин

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Загребте (Хорватия) өтетін халықаралық "Челленджер" сериясының турниріне қатысады, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Спортшының есімі Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы жариялаған қатысушылар тізімінде көрсетілген.

Жалпы жарыс тізімінде 49 мәнерлеп сырғанаушы бар. Тағы бесеуі қосалқы спортшылар ретінде тіркелген.

Турнир 3-6 желтоқсан аралығында өтеді.

Айта кетейік, Самоделкина осыған дейін Жапонияның Осака қаласында өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алған еді.