Софья Самоделкина Хорватиядағы турнирдің қысқа бағдарламасында 7-орын алды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің қысқа бағдарламасында өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өз бағдарламаcы үшін 52.28 ұпай алды. Осылайша аралық нәтижеде жетінші орынға табан тіреді.

Қысқа бағдарламада бірінші орынды АҚШ спортшысы Брэди Тэннел иеленді - 62.80 ұпай.

Бельгиялық Нина Пинзароне 61.30 нәтижесімен екінші орынға тұрақтады.

Ал Франция спортшысы Лиа Серна 60.75 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.