Рыбакина тағы да Швентекпен кездесті

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (Әйелдер теннис қауымдастығы – WTA рейтингінде 5-орын) Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен World Tennis Continental Cup көрме турнирінде польшалық Ига Швентекпен (рейтингте 2-орын) ойнады, деп хабарлайды Ulyssport.

Әлеуметтік желіден

ОЙЫН НӘТИЖЕСІ

Рыбакина екі сетте қарсыласына есе жіберді — 3:6, 3:6.

АЛДАҒЫ ҚАРСЫЛАСТАР

Турнир барысында Рыбакина жекелей сында Швейцария өкілі Белинда Бенчичпен (рейтингте 11-орын) кездеседі. Ал аралас жұптық ойында ресейлік Андрей Рублевпен бірге Швентек пен Монако спортшысы Валантен Вашроға қарсы шығады.

БҰРЫНҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР

Айта кетейік, биыл Рыбакина Швентекке қарсы тек бір рет жеңіске жетті. Ол Әйелдер теннис қауымдастығының маусымдық қорытынды турнирінде сенімді жеңіске қол жеткізген еді — 3:6, 6:1, 6:0.