Жәния Бекмұхамбетова Сауд Арабиясындағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық спортшы Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен халықаралық WTT Youth Contender турнирінде үздік атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Турнир Сауд Арабиясының Даммам қаласында өтті. Ол U13 жас санатында алтын медаль жеңіп алды.

Жәния осы турнирде алты матч өткізіп, оның барлығында да жеңіске жетті.

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық кәсіби теннис қауымдастығы (Association of Tennis Professionals – ATP) «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі маусымның үздік бес камбэгін жариялағанын жазған едік.

Бұл тізімде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик пен аустралиялық Алекс де Минор арасындағы «Ролан Гаррос» турниріндегі матч үшінші орынға тұрақтады.