Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингтің үздік бестігіндегі орнын сақтап қалды

Дастан Кенжалин

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл қорытындысы бойынша әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина үздік бестіктегі орнын сақтап қалды. Ол маусымды әлемнің бесінші ракеткасы ретінде аяқтады.

Юлия Путинцева рейтингте 71-орынға жайғасса, Зарина Диас 285-сатыда тұр. Ал жұптық сында Анна Данилина 15-орындағы орнын сақтап қалды.