Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алғашқы айналымда WTA рейтингінде 105-орында тұрған, Қазақстанның екінші ракеткасы бразилиялық Беатрис Аддад Майяны (59-орын) үш сетте жеңді – 3:6, 7:5, 6:3. Кездесу өте тартысты өтті.
Матч шамамен үш сағатқа уақыт созылды – 2 сағат 55 минут.
Шешуші сәт үшінші сетте тіркелді. Путинцева 1:3 есебімен жеңіліп жатқанымен, өз ойынын ширатып, бастаманы қолға алды да, ойын соңын өз пайдасына шешіп, матчта жеңіске жетті.