17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орында тұрған Заңғар жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген. Қазақстандық теннисші сонымен қатар ATP рейтингісінде 1 782-орында келеді.
Ол бастапқы кездесуін жасөспірімдер рейтингісінде 42-сатыдағы таиландтық Кунанан Пантараторнмен өткізді. Заңғар қарсыласын айқын басымдылықпен ұтып, 1/16 финалға жолдама алды.
Жасөспірімдер арасында Аустралия чемпионатында Қазақстаннан сондай-ақ Даниэль Тазабеков пен Дәмир Жалғасбай бақ сынайды.
Даниэль Тазабеков бүгін швейцариялық Флинн Томаспен ойнайды. Дәмир Жалғасбай ертең Польша өкілі Александр Блашпен кортқа шығады.