Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Дастан Кенжалин

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық разрядтар бойынша жаңартылған рейтингті жариялады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы Australian Open турниріндегі жеңісінен кейін бірден екі сатыға көтеріліп, бесінші орыннан үшінші орынға шықты. Осылайша ол Мельбурндегі турнирде топ жарған Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

instagram.com/australianopen

Айта кетейік, WTA рейтингіндегі үшінші орын — Елена Рыбакинаның мансабындағы ең үздік көрсеткіштің қайталануы. Ол бұл нәтижеге 2023 жылы да қол жеткізген болатын.

Юлия Путинцева рейтингтегі орнын айтарлықтай жақсартып, бірден 24 сатыға көтеріліп, 70-орынға жайғасты.

Зарина Дияс 282-орында тұр. Бұған дейін ол сегіз саты төмен орналасқан еді.

Ал Жібек Құламбаева үш позицияға төмендеп, 387-орынға түсті.

Әлемдік рейтингтің алғашқы екі сатысын Беларусь өкілі Арина Соболенко мен Польшаның теннисшісі Ига Швёнтек сақтап қалды.

Еске салайық, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) турнирдің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ұтып, Australian Open-2026 чемпионы атанған еді.