Стендте атудан Олимпиада жүлдесі бұйырмады

Редакция Ulyssport

Бүгін стендте атудан аралас жұптық бәсеке өтті, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Сали Сабиров

Стенд атудың скит бағдарламасында аралас жұптық сында бақ сынаған Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының финалына шыға алмады.

Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко іріктеуде 140 ұпай жинап, 12-сатыдан көрінді. 

1-орын. Италия-1 – 149 ұпай

2-орын. АҚШ-1 – 148 ұпай

3-орын. АҚШ – 146 ұпай

3-орын. Үндістан – 146 ұпай 

Бүгін барлығы 13 елден 15 команда жүлдеге таласты. Енді біраздан соң, Италия-1 мен АҚШ-1 жұбы алтын, ал Қытай мен Үндістан құрамасы қола медальды сарапқа салады.