Қазақстанның екі дүркін чемпионы Паралимпиада финалына шыға алмады

Редакция Ulyssport

Қазақстандық паражүзуші Нұрдәулет Жұмағали Париждегі Паралимпиадада 200 метрге кешенді жүзу бойынша жарыстардың іріктеу кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото - Caravan.kz

Іріктеу қорытындысы бойынша Жұмағали бесінші орында келіп, жалпы есепте оныншы орын алды. Бұл нәтижесі оған сегіз спортшы өткен жарыстың негізгі кезеңіне шығуға мүмкіндік бермеді. Алайда егер спортшылардың бірі стартқа шыға алмаса, Нұрдәулет резервте қалады.

Айта кетейік, Нұрдәулет Жұмағали біршама атағы бар спортшы: ол 2020 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, әлем чемпионаттарында екі рет "күміс" алды, сонымен қатар екі рет Азия пара ойындарының чемпионы атанды.

Жүзушілер арасындағы жарыстың медальдық кезеңі 20:30-дан басталады.