Қырғызстан президенті өзбекстандық бокс бапкеріне көлік сыйлады

Редакция Ulyssport

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров бокстан өзбек бапкері Акмал Хасановты қабылдап, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұнарбек Сейітбекұлының жеңісіне қосқан үлесі үшін алғыс ретінде автокөлік сыйлады, жабарлайды Ulyssport.kz.

president.kg

Қырғыз басшысы Акмал Хасановпен әңгіме барысында оның әрекеті Қырғызстан мен Өзбекстан халықтарының достығы мен бірлігін дәріптейтінін ерекше атап өтті.

«Бүкіл әлем Орталық Азия халықтарының бірлік пен достық қарым-қатынасты танытып, бір-бірін қолдайтынын көрді. Спорт – бейбітшілік елшісі. Сіз өз үлгіңізбен өзара ынтымақты нығайтуға үлес қостыңы. Бірлігіміз нығая берсін деп тілеймін», деді Садыр Жапаров.

Қырғыз президенті Парижде өткен Олимпиададағы өзбек спортшыларының жақсы нәтижелерін де атап өтті. Ол әсіресе, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұнарбек Сейітбекұлына қолдау қажет болғанда, Ақмал Хасановтың ерлік көрсеткеніне ризашылық білдірді.

Сондай-ақ бұған дейін Қырғыз билігі өзбекстандық бапкерді “Шыңғыс Айтматов” медалімен марапаттаған.