Мексикада өтіп жатқан WTA 500 турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина финалға шықты, деп хабарлайды Ulys Sport. Ол ресейлік Ирина Хромачевамен жұптасып сынға түсті.
Жартылай финалда қазақстандық-ресейлік дуэт украиналық Валерия Страхова мен испандық Ивон Реймерске қарсы ойын өрнегін көрсетті.
Кездесу 64 минутқа созылды.
Бірінші сетте Данилина мен Хромачева қарсыластарын 6:1 есебімен жеңді. Екінші сетте қарсыластар жұбы шапшаң қимылдап, есепті теңестіруге тырысты, бірақ 6:4 есебімен бұл ретте де жеңілді.
Бүгін сағат 21: 00-де финалда Анна Данилина мен Ирина Хромачева ресейлік теннисші Камилла Рахимова мен Грузия өкілі Ольга Калашниковамен кездеседі. Жартылай финалға шығар алдында Данилина мен Хромачева жұбы Катаржина Питер (Польша)/Фанни Столларды (Венгрия) 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын.