Бүгін «Барыс» елордада мәскеулік «Динамо» командасымен кездеседі

Редакция Ulyssport

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: "Барыс" ХК

Кездесу бүгін, 24 қыркүйекте сағат 19:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 35 мәрте кездескен. Оның 13-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес ойынның төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберген.

Айта кетсек, бұдан бұрын астаналық команда жеті кездесудің алтауында қарсыластарынан жеңілген.

Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі үш ойынын елордада өткізеді.

Алдымен 26 қыркүйекте Ресейдің «Сочи» клубымен ойнаса, одан кейін 28 қыркүйекте «Витязь» (Подольск), 30 қыркүйекте «Торпедо» (Нижний Новгород) командаларымен кездеседі.