ҚХЛ: "Барыс" омбылық "Авангардтан" ойсырай ұтылды

Редакция Ulyssport

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында омбылық «Авангардпен» сырт алаңда ойнап, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Барыс

“Барыс” бас бапкері Вячеслав Буцаев мұз айдынға мына құрамды алаңға шығарды: Маттссон (Бояркин) – Болье-Бутчер, Бочаров-МакЛеод-Сетдиков; Хохлов-Камалов, Мұхаметов-Апалков-Бурдасов; Гайтамиров-Данияр, Старченко-Кодола-Симонов; Қайыржан-Оразов, Панюков-Өмірбеков-Әсетов.

Матчтың алғашқы кезеңінде қос қақпаға да гол соғылмады. Дегенмен бұл кезең Тамирлан Гайтиров пен Максим Холодилиннің жаға-жыртысуымен есте қалды.

Екінші кезеңде алаң иелері Джуха Маттссон қорғаған қақпаға екі гол соқты. Ал матчты қорытындылаған кезеңде де ресейліктер біздің “барыстардан” басым түсіп, тағы екі голмен жалпы есепті 4:0-ге жеткізіп, жеңімпаз атанды.

Осылайша кезекті жеңіліс сериясын жалғастырған «Барыс» келесі кездесуін 7 қазан күні сыртта Екатеринбург қаласында “Автомобилистпен» өткізеді.