Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер теннис қауымдастығының рейтингінде төмендеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Соңғы жарысында, яғни АҚШ-тағы US Open турнирінде жарысты екінші айналымнан аяқтаған Рыбакина әлемдік рейтингте өз орнынан айырылып, төмендеді.
Елена 4-орыннан 5-орынға төмендеп, америкалық Коко Гауффқа жол берді. Ал рейтингтің көш басында польшалық спортшы Ига Швятек, Арина Соболенко және америкалық Джессика Пегула бар.
Рыбакинаның тамыз айының соңынан бері ресми жарыстарға қатыспағандығы рейтингте төмендеуіне себеп болды.
Айта кетейік, Рыбакина енді желтоқсанда Біріккен Араба Әмірлігінде өтетін турнирде қатысуға өтінім берді. Оның оған дейін жарыс алаңынан көрінуі екі талай.
Еске салсақ, кеше Рыбакина Қазақстанда түскен фотоларымен жанкүйерлерін сүйсінткенін жазған болатынбыз.