Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Қытайда өтіп жатқан ATP1000 Rolex Shanghai Masters турнирінің төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ulyssport.kz
Отандасымыз үшінші айналымда Чехия теннисшісі Якуб Меншикпен кездесті.
Бірінші сетті Меншик оңай алды – 6:1. Екінші сетті де сәтті бастаған чехиялық спортшы брейк айырмасымен алда келе жатқан. Алайда отандасымыз кері брейк жасап, есепті тай-брейкке дейін жеткізді. Есеп 7:6 (7:5).
Аса тартысты өткен бәсекенің шешуіші бөлімінде Александр Шевченко қарсыласынан айласын асыра алмады. Қорытынды есеп: 1:6, 7:6, 2:6.
Осылайша, теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдағы жарысты аяқтады. Келесі аялдама – Алматыда 13-20 қазан аралығында өтетін ATP250 турнирі.