ATP 250 турнирі. Александр Недовесов ширек финалда

Редакция Ulyssport

Бельгияда өтіп жатқан Антверпен ATP 250 турнирінде Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов ширек финалына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Қазақстандық теннисші америкалық Роберт Галловеймен бірге алғашқы айналымда ұлыбританиялық Джейми Маррей мен аустралиялық Джон Пирстен айласын асырды.

Бірінші партияда қазақ-американ дуэті 7:5 есебімен басым түсті.

Екіншісінде Маррей мен Пирс қарымта қайтарды – 6:4. Дегенмен супер тай-брейкте Недовесов-Галловей жұбы жеңісті жұлып алды.

Екі сағатқа созылған тартысты бәсекеде Недовесов-Галловей 7 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін құр жібермеді. Маррей-Пирс 4 эйс, 2 брейктен (9 брейк-пойнт) аса алмады.

Александр Недовесов пен Роберт Галловейдің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.