Зарина Дияс Түркиядағы халықаралық ITF WORLD TENNIS TOUR W50 турнирінің чемпионы атанды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық танымал теннисші Зарина Дияс Түркияның Кайсері қаласында өткен халықаралық ITF WORLD TENNIS TOUR W50 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, чемпион болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ашық дереккөзден

З.Дияс финалда Беларусь спортшысы Алена Фалейге қарсы ойнап, 0:6, 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

“Бұл жеңіс мен үшін маңызды. Екі жылдық үзілістен кейін қайта оралып, алғашқы жеңісіме қол жеткіздім. Қолдау көрсеткен баршаңызға рахмет”, деді Қазақстанның экс-бірінші ракеткасы Зарина Дияс.

Бүгінгі жеңісінің нәтижесінде отандасымыз әлемдік рейтингте 109 сатыға жоғарылап, ертеңнен бастап 379-шы орынға тұрақтайды.