Қазақстандық теннисші Бельгиядағы турнирдің финалына шықты

Редакция Ulyssport

Отандасымыз Александр Недовесов америкалық Роберт Галлоуэймен құрған дуэтте жұптық сайыста Антверпенде (Бельгия) өткен турнирдің финалына шықты.

Оlympic.kz

Шешуші кездесуде олар аустриялық Александр Эрлер мен Лукас Мидлер жұбымен кездесті.

Бірінші сетте қарсыластары Недовесов пен Галлоуэй өтті – 4:6, бірақ қазақстандық-америкалық жұп екінші сетте есе қайтарып, ақыры 6:1 есебімен сенімді жеңді.

Дегенмен, шиеленіске тола болған шешуші ойында нәтиже тайбрейкте анықталып, Эрлер мен Мидлер 10:8 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, Недовесов 2013 жылға дейін Украина сапында өнер көрсеткен.