Үстел теннисінен Қазақстан командасы Исмаилиядағы (Мысыр) WTT Youth Contender турнирінде екі медаль иеленді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Комитеттің мәліметіне сәйкес, Жанерке Көшкімбаева (U19) мен Жания Бекмұхамбетова (U11) екінші орын алды.
Естеріңізде болса, бұған дейін Жания Бекмұхамбетова 13 жастағы спортшылар арасында бірінші орын иеленген еді.