Рыбакина мен Соболенко бір топта өнер көрсетеді

Редакция Ulyssport

29 қазанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) 2-9 қараша аралығында өтетін WTA  турнирінің топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ашық дереккөзден

Турнирге әлемнің үздік сегіз теннисшісі қатысып, екі топта – Күлгін және Қызғылт сары топтарында бақ сынайды.

Күлгін топ:

  • Арина Соболенко (Беларусь, 1);
  • Жасмин Паолини (Италия, 4);
  • Елена Рыбакина (Қазақстан, 6);
  • Чжэн Циньвэнь (Қытай, 7).

Қызғылт сары топ:

  • Ига Швентек (Польша, 2);
  • Кори Гауфф (АҚШ, 3);
  • Джессика Пегула (АҚШ, 6);
  • Барбора Крейчикова (Чехия, 8).

Өткен жылғы турнирдің жеңімпазы поляк теннисшісі Ига Швентек, ол финалда Джессика Пегуланы 6:1, 6:0 есебімен сенімді жеңген еді.