Қазақстанның үстел теннисі командасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Словакияның Сенец қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Жания турнир барысында Александра Бец (Украина), Юлия Вчелкова (Словакия), Селестина Капати (Сингапур), София Трускова (Словакия), Эмили Ву (Швейцария) және Аялгуу Эрдэнээхуяг (Моңғолия) сынды қарсыластарынан басым түсті.