Суда жүзу: Қазақстандық Лев Черепанов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық Лев Черепанов Гонконгтағы ашық суда жүзуден Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҰОК

Лев Черепанов 10 шақырым қашықтықта үшінші орынға ие болды.

“Өз өнерімді сәтті деп бағалаймын. Медалдың аты медаль. Қашықтықты жүзіп өту қиын болды. Жарыс үлкен тартыспен өтті, бәрі соңғы 100 метрде шешілді”, деді спортшы.

Өкінішке қарай, 5 шақырымдық жарыс ауа-райының қолайсыздығына байланысты өтпейтін болған. 

“Азия чемпионатында бәсекелестік айтарлықтай артқан. Барлық командалар өте жылдам жүзіп, лайықты нәтижелер көрсетуде. Менің мақсатым жай ғана жүлдегерлер қатарына ену болды,” – дейді спортшы Оlympic.kz тілшісіне.