Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 11 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Бір маусымда үш бапкер ауысып, қазір негізінен қазақстандық жастарға үміт артып отырған елордалық клуб соңғы екі ойынды сәтсіз өткізді. Жанкүйерлер қатарынан екі мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан команда бүгінгі кездесуде оң нәтижеге қол жеткізе ме деп үміттенген еді. Десе де ресейлік клуб ойын барысында жинақы қимыл көрсетті.
Алдымен олардың қатарынан Никита Хоружев 9-минутта есеп ашса, 29-минутта Владимир Брювкин басымдықты арттырды.
«Барыс» сапынан Батырлан Мұратов 34-минутта есеп айырмасын қысқартса, ресейлік клубтан Евгений Митякин 50-минутта «Нефтехимикті» жеңіске жетелей түсті.
Ал «Нефтехимик» хоккейшісі Богдан Киселевич 53-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберіп, қатарынан үшінші мәрте жеңілістің ащы дәмін атты.
Енді елордалық клуб алдағы үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 13 қарашада тағы Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) клубымен тағы бір мәрте ойнаса, одан кейін 15 қарашада «Салават Юлаев» (Уфа), 17 қарашада «Сочи» командаларымен шеберлік байқасады.