Эдди Хирнмен серіктестігімді менеджерлерім құртты – Данияр Елеусінов

Редакция Ulyssport

Рио олимпиадасының жеңімпазы, бүгінде кәсіпқой бокста жүрген азамат Данияр Елеусінов әлемдегі белгілі промоутерлердің бірі Эдди Хирнмен серіктестігі неге үзіліп қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Спорт.кз

БОКСШЫ НЕ ДЕЙДІ

– Промоутермен басында жолым болды. Менде Эдди Хирн болды ғой. Бетке ұстар мамандардың бірі. 10 жекпе-жекті сол кісімен өткіздім. Оны менеджерлерім құртқан болатын. Қателік жасады десем болады. Басында промоутер тауып берген де өздері. Жақсы контракт шығарып берген де өздері. Әділеттілік үшін айтып кетейік. Дегенмен тағы да маған контракт берген кезінде маған көрсетпей, бас тартып жіберген. Бірақ мені көндірді олар. Мен өз командам деп сеніп қалдым. Көндіргенде, саған онша емес контракт ұсынып жатыр деді, ақша жағынан жаман емес, жақсы десем де болады. 11-ші жекпе-жектен 150 мың АҚШ долларынан басталады. Ары қарай өсе береді: 200-250 мың доллар. Қарсылас та сол деңгейде болады. Әлем чемпионы болғанға 400 мың доллар. Ол жерде жүре беру керек еді деп ойлаймын өз басым. Енді болмайтын нәрсе болмады. Ары қарай карьерамызды жалғастыра береміз. Алда – үлкен төрттіктің, беделді версиялардың әлем чемпионы болу, – дейді ол.

Боксшының толық сұхбатын мына сілтемеден көруге болады.

Рио Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Қазақстан спортының бұрынғы Олимпиадалар кезіндегі даңқын қайтару керек деп есептейді. Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында спортшы бұл бағытта өз көзқарасын айтқан.