Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Америкадағы турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұкаев Американың Шампейн қаласындағы Челленджерді жеңіспен бастады. Қазақстандық теннисші бірінші кезеңдегі Ұлыбритания өкілі 18-жасар Энри Сирлге қарсы өнер көрсетіп, 6:3, 7:6 есебімен екі сетте жеңіске жетті. Осы ойында жеңіске жеткен Жукаев келесі айналымда Брасвелл – Жанг жұбында үздік шыққан теннисшімен күш байқасады.
Айта кетейік, бұған дейін Бейбіт Жұқаев Алматыда өткен ATP 250 турнирінің ширек финалына дейін жеткен еді.