Мәскеуде туған Путинцева биылғы Олимпиадаға қатыспаған себебін түсіндірді

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Париждегі Олимпиадаға бармай қалған себебін егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ulys Sport

Спортшының айтуынша, ол Франциядағы ойындарды өткізіп алғанына «өте, өте, өте» қатты өкінген. 

«Мен тіземнің кесірінен Олимпиадаға қатыспағаныма қатты қынжылдым. «Мен топырақтағы екі-үш турнирді жіберіп алсам, кейін қалпыма келіп, Олимпиадаға дайындала аламын деп ойладым», деді ол.

Путинцева егер ол сырқат тізесімен кортқа баратын болса, онда тағы «бір жыл емделетін едім» деп толықтырды сөзін. Спортшы сонда да Парижге барғанын және Олимпиадаға қатысу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысқанын атап өтті.

«Матч алдында жаттықтырушы маған қандай қадам маңыздырақ екенін, яғни бір геймнен кейін-ақ құлап, сосын бір жылдай ойнамай жату ма, әлде тағы да үзіліс алып, соның арқасында жағдайды жақсарту маңызды ма деді. Сосын Олимпиадаға қатыспау туралы шешім қабылданды», деді ол.

Айта кетсек, Путинцева Мәскеуде дүниеге келген және бұған дейін Ресейдің атынан шыққан. Ол ресейлік теннисші Елена Рыбакинамен қатар Париж Олимпиадасына қатыспау туралы шешімінен кейін қазақстандықтардың сынына ұшыраған еді.

Еске сала кетсек, бүгін теннистен Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне өтті. Осы кездесуде кортқа Елена Рыбакинаның орнына әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева шықты.