Қазақстанның шаңғышылар Шығыс Еуропа кубогының бірінші күнінде алты медаль жеңіп алды

Редакция Ulyssport

Щучинск қаласында шаңғы жарысы бойынша Шығыс Еуропа кубогының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҰОК

Медальдер ұтысына 160-тан астам шаңғышы қатысты. Қазақстан командасының өкілдері барлық алты марапатқа ие болды. 

Ерлер арасында бірінші болып Святослав Матасов қара үзіп шықты. Екінші орынды Ілияс Исабек иеленді, ал Виталий Пухкало үздік үштікті түйіндеді.

Әйелдер арасындағы жарыста алтын медальді Тамара Эбель жеңіп алды. Мария Геращенко екінші болып мәреге жетті. Анна Мельник үшінші орын алды. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық могулистер маусымды төрт алтын медальмен бастаған болатын.