Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымында қазақстандық команда ресейлік "Амур" (Хабаровск) хоккей клубына 0:3 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Елордалық команда Шығыс Конференциясында 20 ұпаймен 11-орында келеді.
Осылайша, "Амур" 14 ойынға созылған сәтсіз сериясына нүкте қойды.
Еске салайық, 20 қарашада кешке қазақстандық "Барыс" хоккей клубы күтпеген жерден Гагарин Кубогының иегері "Металлург" командасын 2:1 есебімен жеңіп кеткен болатын.