Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында Магнитогорскіде «Металлург» командасымен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Металлург» Шығыс конференциясында 5-орында тұрса, қазақстандық клуб 11-сатыда еді.
Жергілікті команда құрамында Владислав Ерёменко мен Александр Петунин мергендік танытып, «Металлург» 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, «Барыс» қатарынан төртінші рет жеңіліп отыр.
Енді хоккейшілеріміз 1 желтоқсанда Мәскеуде ЦСКА командасымен ойнайды. Содан кейін Астанаға оралады.