Азия чемпионаты: Қазақстан-Өзбекстан арасындағы алғашқы кездесуде отандасымыз жеңді

Редакция Ulyssport

Бүгін, 1 желтоқсанда Чианг Майда (Таиланд) бокстан 2024 жылғы Азия чемпионатында екінші жарыс күні өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы екінші боксшысын ринге шығарып үлгерді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Vesti.kz

Бейбарыс Жексен 60 келі салмақта 1/8 финалда өзбекстандық Дилшод Абдумуродовпен шаршы алаңда кездесті. Жексен төрешілердің шешімімен жеңіске жетті, енді ол жартылай финалға шығу үшін таласады.

Бүгін сондай-ақ қазақстандық бірінші боксшы Оразбек Асықұлов (57 келіге дейін) жекпе-жегін нокаутпен жеңді. 

Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) Чиангмай (Таиланд) қаласында өтіп жатқан Азия біріншілігіндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткенін хабарлағанбыз.

Бұған дейін Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Азия чемпионатына Олимпиада жүлдегерлерін жібермейтінін жазғанбыз.

Ал осы чемпионатқа аттанған бокстан Қазақстан ерлер командасының құрамын осы жерден көре аласыздар.