Нурмагомедовті нокаутқа жіберген жерлесіміз UFC-ге өтетінін мәлімдеді

Редакция Ulyssport

Қазақстандық Alash Pride лигасының чемпионы Саламат Исбулаев (6-0) SPORT+ арнасына берген сұхбатында жеңістен кейінгі эмоцияларымен, сонымен қатар мансабындағы мақсаттарымен бөлісті, деп хабарлайды Ulyssport.kz. Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

©instagram.com/_isbulaevsalamat

Ол қырғызстандық Рустамбек Нұржановты атағынан айырғаннан кейін чемпион атанды.

«Менің барлық мақсаттарым UFC-ге апарады, мен керемет спорттық жолымды құрғым келеді, әлемдегі мықты жекпе-жек шебері болғым келеді және осы промоушнға өтуді қалаймын. Жеңіс пе?Бұл жеңісті айналамдағылардың бәріне арнаймын, бұл – ортақ жеңіс! Чемпион болғың келсе, соған сенім арт және әрекет ет», деді Исбулаев.

Исбулаев өзінің соңғы жекпе-жегінде ресейлік Муслим Нурмагомедовты нокаутқа түсіріп, Alash Pride FC 100 турнирінде жеңіл салмақта уақытша чемпион атағын жеңіп алды, кейін ол толық титулға айналды.

Еске сала кетсек, UFC Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Шавкат ирландиялық Иэн Мачадо Гэрримен жұдырықтасады (15-0). Жартылай орта салмақтағы уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 310 турнирінде өтеді.

Ал бүгін таңертең Шавкат Рахмонов командасымен бірге Лас-Вегасқа (АҚШ) келді. 

Айтпақшы, UFC-дің танымал тілшісі Лора Санко қазақша жазуы бар жейдені сатылымға шығарғанын хабарлағанбыз.