Шорт-трек: 12 спортшы World Tour кезеңінде ел намысын қорғайды

Редакция Ulyssport

6-8 желтоқсан аралығында Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен World Tour сериясының үшінші кезеңі өтеді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасының намысын 12 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: olympic.kz

Алғашқы екі кезеңнен кейін бапкерлер штабы құрамға өзгеріс енгізді. Енді Еркебұлан Шамұхановтың орнына Мерсаид Жақсыбаев жарысқа барады.

Ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:

  • Денис Никиша;
  • Абзал Әжіғалиев;
  • Мерсаид Жақсыбаев;
  • Әділ Ғалиахметов;
  • Глеб Ивченко;
  • Айбек Насен;
  • Ольга Тихонова;
  • Яна Хан;
  • Малика Ермек;
  • Алина Әжіғалиева;
  • Мадина Жанбусинова;
  • Зейнеп Құмарқан.