Әлем кубогы: Қазақстан конькишілері Польшада қола медаль жеңіп алды

Редакция Ulyssport

Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Польшадағы Томашув-Мазовецкий қаласында өткен Әлем кубогі кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҰОК

Анастасия Беловодова мен Михаил Матрюхин аралас эстафетада үшінші орынға ие болды.

Оңтүстік Корея құрамасы жеңіске жетіп, ал екінші орынды нидерландық жұп иеленді.

Еске сала кетсек, бұған дейін бүгін жерлесіміз Шавкат Рахмоновтың кезекті мәрте жеңіске жеткенін сүйіншілегенбіз.

Ал 10 желтоқсан күні IBO Жанқош Тұраровты чемпиондық атағынан айыруы мүмкін.