Қысқа қашықтыққа жүзуден Будапештте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Әділбек Мусин жүзуден ел рекордын жаңартты, деп хабарлайды Ulyssport.kz порталы Olympic.kz-ге сілтеме жасап.
Ол жекелей сында 100 метрді 50.55 секундта баттерфляй әдісімен жүзіп өтті. Нәтижесінде Әділбек 26 орында тұр. Аталмыш сайыста сынға түскен тағы бір қазақстандық Максим Сказобцов 34 орынға тұрақтады. Оның көрсеткіші 51.50 секундқа тең болды.
Ал әйелдер арасында Софья Сподаренко 100 метрді 59,22 секундта жүзіп өтіп, 26 орынға ілінді.