Жібек Құламбаева теннистен Үндістанның Солапур қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалында жеңіске жетті. Жартылай финалға шығу үшін ол латвиялық Диана Марцинкевичпен кездесті. Құламбаева сенімді түрде 6:0, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді 1/2 финалда қазақстандық теннисші Буньвяви Тамчайватқа қарсы ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Жібек Құламбаева Португалиядағы ITF W35 турнирінің жеңімпазы атанған еді.