Қазақстанда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

Редакция Ulyssport

Келесі жылы елімізде ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҰОК

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

19-26 желтоқсан аралығында Қатардың астанасы Дохада ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Чемпионат аясында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Шапиевич Гаджиев Халықаралық және Азия федерацияларының басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында ауыр атлетиканы дамыту және ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Нәтижесінде 2025 жылы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.