Теннистен Қазақстан құрамасы United Cup турнирінде көш бастады

Редакция Ulyssport

Теннистен Қазақстан құрамасы Аустралияда өтіп жатқан United Cup турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарайды Ulyssport.kz порталы ҰОК-ға сілтеме жасап.

ҰОК

Испания құрамасына қарсы алғашқы ойында Александр Шевченко Пабло Карреньо-Бустаға есе жіберді.

Кейін Елена Рыбакина Джессика Манейроны жеңіп, есепті теңестірді.

Шешуші үшінші кездесуде Рыбакина мен Шевченко испандық жұп Пабло Карреньо Буста/Ивон Кавалье-Реймерсті жеңіп, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, Қазақстан Испанияны 2:1 есебімен жеңіп, С тобында көш бастады. Бұл топта Қазақстаннан бөлек Грекия құрамасы да бар. Грек теннисшілерімен кездесу 30 желтоқсанда өтеді.

Еске сала кетейік, турнирде Қазақстан құрамасы сапында Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және Александр Недовесов өнер көрсетеді.

Ширек финалға алты топтың жеңімпаздары және екінші орын алған үздік екі команда өтеді. United Cup турниріне барлығы 18 құрама қатысуда.