Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландинмен кездесіп, жүзу спортының қазіргі ахуалын талқылағанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulyssport.kz
– Расымен де, су спорты саласында кәсіби деңгейдегі жетістіктеріміз аздау. Сондықтан инфрақұрылымды дамыту, жүзгіштердің резервін сапалы даярлау және спортшылардың халықаралық аренада жоғары жетістіктерге жетуіне жағдай жасау – басты міндеттеріміздің бірі. Чемпионымыз жүзу спортының дамуына қатысты өз ойларын ортаға салып, жоспарларын бөлісті. Оның бастамалары мен ұсыныстары өте орынды. Ең маңыздысы, Дмитрий Баландин өзінің жинаған тәжірибесін еліміздегі су спортының дамуына жұмсауға дайын екенін атап өтті, – дейді ол.
Министр осындай білікті мамандар мен спорт жанашырлары барда, жарқын жеңістерге қол жеткізуге болатынына сенімді.