Өзбекстан футбол құрамасының үздік ойыншысы Абдукодир Хусанов 36 миллион еуроға «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Ulyssport.
Хусаинов Өзбекстан футбол құрамасының үздік қорғаушысы саналады. Ол өткен маусымда белорусиялық «Энергетик-БГУ» сапында ойнады. Содан кейін ол жерден 100 мың еуроға «Ленске» ауысты. Бұл туралы Фабрицио Романо мәлімдемесінде жазған болатын.
Айта кетейік, Абдукодир Хусанов «Манчестер Ситиге» ауысса ағылшын премьер-лигасындағы алғашқы өзбек ойыншы ретінде тарихта қалады.