Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Батяйкин Қытайдың Харбин қаласында өткен 2025 жылғы Азия ойындарын қорытындылады. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында маман нәтиженің бірнеше негізгі жағдайға байланысты болғанын атап өтті, деп хабарлайды Ulyssport.