19 жастағы қазақ қызы Түркиядағы ITF турнирінде үш рет топ жарды

Редакция Ulyssport

Түркиялық Илай Йорукпен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжібаева Анталияда өткен W15 санатындағы ITF сериясы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы жария етті.

Қазақстан теннис федерациясы

Сондай-ақ еліміздің тағы бір теннисшісі жасөспірімдер арасындағы осы турнирде финалға дейін жетті.

Финалдық матчта 19 жастағы Кенжебаева мен 23 жастағы Йорук неміс теннисшісі Мина Ходжич пен швейцариялық Мари Меттроны жеңді, есеп – 6:4, 5:7, 10:8.

Осылайша, Сандуғаш ITF турнирінде жұптық сында үшінші рет топ жарып отыр. Былтырдан бері Кенжібаева қазақстандық жас жаттықтырушы Артур Хайрутдиновтің қарамағында жаттығады.

Тағы бір қазақстандық Аружан Сағандықова ресейлік Мария Головинамен жұптасып, W15 санатындағы ITF турнирінің финалында Тунистің Монастирінде словениялық Зива Фалькнер мен сербиялық Рене Миловановичтен ұтылды, есеп – 4:6, 4:6.

Жекелей сында Аружан ширек финалға дейін жетіп, неміс Лара Шмидттен жеңіліп қалды (4:6, 5:7).