Спорттық ұйымдарға қабылдайтын жас көрсеткіші өзгерді

Редакция Ulyssport

Білікті спортшыларды даярлайтын ұйымдарға қыбалдаудағы жас ерекшелігі өзгеріс тапты, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі ресми мәлім етті.

 

Ұлысмедиа коллажы

ОНДАҒЫ НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР:

 

"Грек-рим күресі: жастар жасы 18-23-тен 18-20 жасқа, ересектер жасы 23-тен 21 жасқа дейін төмендеді;

Дзюдо: жасөспірім шақ жасы 12-18-ден 13-17 жасқа, жасөспірімдер жасы 18-21-ден 18-20 жасқа, жастар жасы 21-23-тен 21-22 жасқа дейін төмендеді:

Шорт-трек: балалар жасы 7-10-нан 5-7 жасқа дейін, жасөспірімдер жасы 11-15-тен 8-15 жасқа дейін қысқарды"  делінген министрлік мәлімдемесінде.

Айта кетейік, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, ерекше жандарға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін жас шектеулері алынып тасталды.